Patriot-tulga.kz
Отандық автоматтандырылған
мониторинг жүйелерін дамытушы
Остапчук Виталий Олегович – Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының толық
мүшесі, «Сәулет» мамандығы бойынша өнертану магистрі, кәсіпкер.
Остапчук Виталий Олегович 1986 жылдың 24-ші маусымында Алматы қаласында дүниеге келген.
Әкесі – Остапчук Олег Леонидович – Кеңестік ішкі істер офицері. Анасы – Остапчук Татьяна Владиславовна – металлург-байытушы, эколог, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі. Ата-анасы екі баланы тәрбиелеп, оларды жан-жақты дамытуға тырысты, әрқашан олардың қызығушылықтарына ерекше назар аударды, барлық бастамаларында оларды қолдауға тырысты.
2000 жылы Алматы қаласындағы №5 балалар музыка мектебін «Хор дирижері» мамандығы бойынша
аяқтаған. Жиырма бір жасқа дейін көптеген халықаралық байқаулар мен жарыстардың лауреаты болып
табылатын “Isker” аралас ұлдар хорында өнер көрсетті.
2004 жылы Алматы қаласындағы №103 мектеп-гимназиясының физика-математика сыныбын бітірген,
мектеп қабырғасында физика, математика, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен олимпиадаларға үнемі қатысып отырды.
2004-2009 жылдары Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясында оқыды. 2009 жылы “Тұрғын үй және
қоғамдық ғимараттар сәулеті” мамандығы бойынша “Сәулет бакалавры” атағын алды.
2012 жылы Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясында «Сәулет мамандығы бойынша өнертану магистрі» атағын алды.
«Әлемдік экологиялық архитектураны дамыту тенденциялары және Қазақстандағы дамуының
алғышарттары» тақырыбында диссертация қорғады, онда архитектурада да, урбанистикада да жасыл
технологиялар саласындағы қолданыстағы әзірлемелер қарастырылды, оларды жалпы Қазақстан
Республикасының аумағында және Алматы мен Астана секілді екі ірі қаласында қолдану мүмкіндігіне бағалау жүргізілді.
2007 жылдан бастап «Эко Кон-салтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жобалаушы болып жұмыс істеді.
2010 жылдан бастап «ЭКО DEUCE» ЖШС жобалау компаниясында техникалық директор қызметін атқарды.
Техникалық директор жұмысының аясында экология, антропогендік қызметтің қоршаған орта факторларына әсері және осындай қызметтің салдарын жою мәселелерімен айналысты.
Атап айтқанда, көптеген экологиялық және өнеркәсіптік жобалардың авторы. «Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық мүшелері кәсіпорындарының экологиялық ақпаратын есепке алу мен талдаудың автоматтандырылған жүйесі»; «Экологиялық мониторингтің автоматтандырылған жүйелерін орнатуға жататын атмосфераны ластау көздерін анықтау есептерін орындау әдістемесі» секілді жұмыстардың және «Қаражыра кен орнында 2025 жылға дейін экологиялық және радиологиялық жағдайдың дамуын нейрондық жүйелер мен компьютерлік бағдарламаларды пайдалану арқылы мониторингтік деректер негізінде болжау» ҒЗТКЖ-ның;
«Қаражыра көмір кен орнындағы экологиялық және радиологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу» жұмысының және т.б. авторы.
Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау ко-митеті үшін «Қызметті жүзеге асыру салдарын жоюға және экологиялық залалды жоюға байланысты міндеттемелер бойынша қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесін» және «Ремедиация жүргізу қағидаларын» әзірлеуші болып табылады.
2020 жылы Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының (ХАА) толық мүшесі болып сайланды және
“академик” ғылыми атағы берілді (Алматы қ.).
Қазіргі уақытта экологиялық және цифрлық салаларда отандық автоматтандырылған мониторингтің жүйелерін дамытумен және енгізумен тығыз айналысады.