Patriot-tulga.kz
Кішкентай сәттіліктен үлкен жетістік басталады!
Асия Алиевна Стеблякова – Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының (ХАА) атқарушы директоры және толық мүшесі, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың “Жобаларды басқару” кафедрасының біліктілігі жоғары деңгейдегі инженері. Құрметті атақпен және “Еңбек үздігі” медалімен марапатталған. Онннан астам құрмет грамоталары мен алғыс хаттары, 15-тен астам сертификаты бар.
Стеблякова Асия Алиевна 1971 жылдың 25 қарашасында Алматы қаласында дүниеге
келген. №122 орта мектепті де осы қалада тәмәмдады. Мектепті бітірген соң, 1993 жылы
Алматы кинотехникумын кино жабдықтар мен видеотехниканы эксплуатациялау
мамандығы бойынша бітіреді. Дипломын қолына алғасын, республиканың көптеген облыс
орталықтарында бөлімшелері бар танымал «Экономик С» кітап сауда фирмасына
орналасады. Асия Алиевна өзінің еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында сатушы
кассирден дүкен меңгерушілігіне дейінгі қызметке көтеріледі.
Қай салада жүрсе де біліктілігін жетілдіруден талмаған маман Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ
ұлттық техникалық университетінің “Басқарудың автоматтандырылған жүйесі” факультетін
аяқтап, 2003-2006 жылдары «Антал» ЖШС-нде кеңсе-менеджері болып жұмыс жасады және
Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да Тау-кен металлургия институтының «Технологиялық
процестер мен өндірістерді компьютерлендіру» кафедрасында зертханашы жұмысын қоса
атқарды.
2007 жылдан бастап «Халық-аралық Ақпараттандыру Академиясы» ҚБ (ХАА) Бас
директорының көмекшісі лауазымын атқарды, ал 2011 жылғы тамыздан бастап ХАА дамыту
департаментінің директоры ретінде жұмысын жалғастырды. 2018 жылдың қазан айынан
бастап ХАА атқарушы директоры болып тағайындалды.
2008 жылдың 6 наурызында ХАА адъюнкті болып сайланды (куәлік № 738), 01.10.2013 ж.
корреспондент-мүшесі болып қайта сайланды (диплом № 1475) және 26.03.2021 ж.
Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының толық мүшесі болып қайта сайланды
(№2609).
«Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы» ҚБ (ХАА) жұмыс істеу кезеңінде жобаларды
іске асыруға қатысты: Қазақстан Рес-публикасына арналған «Тау-кен журналының» арнайы
нөмірін шығару (наурыз, 2008 ж., www.rudmet.ru); Халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияларды ұйымдастыру және өткізу: «Автоматтандыру және басқару. Перспективалар, мәселелер және шешімдер» (2007 ж.); Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20
жылдығына орайластырылған «ҚР ақпараттандыруға – 20 жыл: мәртебе, инновациялар,
дамуды басқару» бизнес-конференциясы және «IT саласындағы жетістіктер» көрмесі (2011
ж.); сондай-ақ «Орталық Азиядағы Жобаларды басқару. Инновациялық технологиялар»
Екінші халықаралық форумын ұйымдастыру (2012 ж.). Келесі шараларды ұйымдастыруға
белсене атсалысты: Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың 80 жылдығына және Халықаралық
Ақпараттандыру Академиясының 20 жылдығына арналған III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Қазақстандағы ақпараттандырудың жағдайы, мәселелері мен
міндеттері» (2014 ж.), «Қазіргі заманның жаһандық мәселелері контекстіндегі адам
денсаулығы, геронтологияны дамыту жолдары» дөңгелек үстелі (қазан 2016 ж.), Академия
Президенті, профессор, техника ғылымдарының докторы Ә.Ә.Әшімовтің 80 жылдығына
арналған «Макроэкономикалық талдаудың және экономикалық саясаттың математикалық
әдістері мен ақпараттық технологиялары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық
конференция (сәуір 2017 ж.), «Өнеркәсіпті цифрландыру – төртінші өнеркәсіптік
революцияның негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстел (2018 ж.), профессор, техника
ғылымдарының докторы Ю.Н. Чабдарованың 95 жылдығына арналған «Геомеханикалық
негіздеме – пайдалы қазбалар кен орындарын тиімді және қауіпсіз өңдеу негізі» атты
дөңгелек үстел (қыркүйек, 2019 ж.) және т.б. көптеген шаралар (семинарлар, дөңгелек
үстелдер, ХАА Төралқалары, тренингтер).
Асия Алиевна ХАА 25 жылдығына арналған «Новая эра.kz» ақпараттық-инновациялық
журналының арнайы шығарылымын шығару бойынша жобаны сәтті аяқтады (2019 ж).
2020 жылдың қараша айынан бастап «В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институты»
ЕЖШС-нде АТЖ AP08855556 «Литий изотоптарында басқарылатын термоядролық синтез
процесінде өтетін қосымша термоядролық реакцияларды зерттеу» жобасы бойынша бірлесіп
орындаушы болып табылады.
Халықаралық конференция еңбектерінде 9-дан астам ғылыми мақаласы бар, оның ішінде
3 ағылшын тілінде, 3 жарияланымы: республикалық «Алматы ақшамы» газетінде және «Новая
Эра» журналында.
Тұрмыс құрғанына 30 жылға жуықтады, екі ересек баласы (қызы Елена – 27 жаста және ұлы
Михаил – 25 жаста) және немересі бар (немересі Алиса – 2,5 жаста ).
Өмірлік ұраны:
«Мен болмасам, онда кім?!».