top of page
ЖОО жас оқытушыларын ынталандыру Жоғары мектептегі оң өзгерістердің белгісі ретінде

ЖОО жас оқытушыларын ынталандыру Жоғары мектептегі оң өзгерістердің белгісі ретінде

Файзиев Рабим Аликулович – физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының, Білім беруді ақпараттандыру академиясының, Турон Ғылым Академиясының академигі, Ташкент мемлекеттік экономикалық университетінің (ТМЭУ) «Экономикадағы математикалық әдістер» кафедрасының профессоры.

Файзиев Раим Аликулович 1957 жылы 10 маусымда Өзбекстан Республикасы, Самарқан облысы Ургут
ауданы Каландар ауылында дүниеге келген.
Оның әкесі – Аликул Файзиев және анасы – Бозоргул Ярашева халық шаруашылығына лайықты үлес қосқан адамдардың қатарынан болған. Олар он баланы тәрбиелеп өсірді, олардың жетеуі жоғары білім алды. Әкесі Аликул мен анасы Бозоргул балаларының тәрбиесіне көп көңіл бөлді. Олар балаларын жұмысқа үйретті және олардың қызығушылықтарына байланысты олар үшін қажетті жағдайлар жасады.
1964-1972 жылдары Самарқан облысы Ургут ауданының №93 орта мектебінде, ал 1972-1974 жылдары №20 орта мектебінде оқыды.
1974-1978 жылдары Жизақ мемлекеттік педагогикалық институтының математика факультетінде оқып, үздік диплом алды.
1978-1996 жылдары Өзбекстан Ғылым Академиясының М.Т. Өразбоев атындағы Механика және
сейсмикалық төзімділік институтының «Табиғи процестердің аэродинамикасы» зертханасында кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.
Зертхана қызметкерлерімен бірнеше мемлекеттік тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізді, сондай-ақ әртүрлі ұйымдармен және әскери бөлімдермен бірнеше шарттық жұмыстарды орындауға қатысты. Зерттеу нәтижелері бойынша математикалық модель жасалды және оны ЭЕМ-де шешудің алгоритмі мен бағдарламасы жасалды, есептеу жұмыстары жүргізілді, нәтижелері енгізілді.
Атап айтқанда, «Газ бен мазутты жағуға арналған құрамдастырылған жанарғы» әзірленді және Мәскеу
облысының Калинин қ. ЖЭО-3, Соликам ЖЭО-12, Новокуйбышев ЖЭО, Пермэнерго; «Құрамдастырылған тозаң-мазут жанарғысы» енгізілді және Волгоград облысының Камышинка ЖЭО, Ткварчел ГРЭС Грузглавэнерго өндірісіне енгізілді. Арал теңізінің түбінің бір бөлігін ауа ағынымен құмнан тазарту әдістемесі анықталды және пайдалануға берілді; Арал теңізінің әртүрлі бөліктері мен тораптарының аэродинамикалық параметрлері пайдалануға берілді.
1978-1980 жылдары әскери борышын өтеді.
1983-1994 жылдары Мәскеудегі әлемге әйгілі екі ғылыми мектепте ғылыми зерттеу жүргізді: бірінші - Нобель сыйлығының лауреаты академик Н.Н. Семенов басқаратын КСРО ҒА химиялық физика инсти-тутының аспирантурасында зертхана меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Ю. А. Гостинцевтің ғылыми жетекшілігімен “Асимметриялық мәжбүрлі турбулентті реактивті ағындар мен диффузиялық алауларды зерттеу” тақырыбы бойынша; екінші – М.В. Ломоносов атындағы ММУ механика-математика факультетінің докторантурасында академик Г.Г. Черныйдың ғылыми мектебінде оның ғылыми кеңесшілігімен зертхана меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, РҒА корреспондент-мүшесі (кейіннен академик) В.А. Левиннің “Математикалық модельдеу және ғарыштық ақпаратты өңдеу әдістері” ғылыми бағыты бойынша оқыған.
1987 жылы “сұйықтық, газ және плазма механикасы” мамандығы бойынша физика-математика
ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 1991 жылы КСРО ЖАК аталған мамандық бойынша “аға ғылыми қызметкер” ғылыми атағын берді.
1992 жылы «сұйықтық және газ механикасы” Халықаралық мектеп-семинарын өткізуге белсене қатысты, бастамашылардың бірі және ғылыми хатшысы болды.
1994 жылы докторантураны сәтті бітіріп, физика-математика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін “мәжбүрлі ағынды ағымдар мен диффузиялық алауларда турбулентті араластыру” тақырыбында диссертация қорғады, ол талқылаудан өтіп, оң пікірлер мен қорытындылар алды, бірақ бюрократиялық кедергілерге байланысты диссертацияны қорғауға рұқсат ала алмады (1992 жылы Өзбекстан Республикасы ЖАК құрылды және қорғау оның рұқсатымен ғана жүргізілді).
1996-1998 жылдары Өзбекстан Республикасы ІІМ академиясында жұмыс істеді.
1999 жылдан бастап Ташкент банк колледжінің (ТБК) «Табиғи пәндер» кафедрасының жетекші оқытушысы,
2002-2011 жылдары Ақпараттық технологиялар орталығын (АТО) басқарды, сондай-ақ 2007-2011 жылдары Ақпараттық технологиялар кафедрасының (АТК) меңгерушісі болып жұмыс істеді. АТО мен АТК оның бастамасымен және басшылығымен құрылды. Осы жылдары Ташкент қаржы институтының «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының доценті қызметін қоса атқарды.
2011-2012 жылдары Ташкент сәулет-құрылыс институтының Ақпараттық технологиялар Орталығының
бастығы және «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының доценті болып жұмыс істеді.
2012-2015 жылдары ТМЭУ «Эко-номикадағы математикалық әдістер» кафедрасында доцент, 2016 жылдан бастап профессор болып жұмыс істеді.
Сабақты өткізумен қатар, ол оқу процесін кешенді автоматтандыру бойынша ғылыми зерттеу жүргізеді.
Зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу мақсатында 2003 жылы ТБК басшылығымен оқу-имитациялық банк (ОИБ) құру және оны ақпараттық-коммуникациялық технологиямен қамтамасыз ету бойынша жоба әзірленді.

Осы жобаны іске асыру мақсатында 2005 жылы «Шағын әлеуметтік жобаларды қолдау Бағдарламасы»
шеңберінде Жапония грант бөлді. Бөлінген қаражаттың көмегімен екі заманауи ОИБ құрылды. ОИБ
жабдықтары Р.А. Файзиевтің ұсынысы бойынша жасалды. Оның ұсыныстарын ескере отырып және ОИБ тікелей қатысуымен «Норма» ЖЗШ АКТ-мен, Өзбекстанның Орталық банкінің бағдарламалық өнімімен,
«Фидобизнес» ЖШҚ банк бағдарламасы-мен қамтамасыз етілді. ОИБ жанында ұқсас технологиямен әрекет ететін шағын банк жұмыс жасай бастады. Кейін ОИБ саны төртке дейін жеткізілді. Сондай-ақ, тәжірибеде кеңінен қолданылатын, оқытушылар мен оқушылар сәтті пайдаланған, кәсіпорындардың қызметін автоматтандыратын SNS, БЭМ, 1С: Кәсіпорын сияқты бағдарламалар орнатылды. 2007-2010 жылдары ТБК басшылығымен 4 рет АКТ бойынша тренингтер ұйымдастырды және оны Оңтүстік Корея мамандарымен бірлесіп өткізуге белсенді қатысты.
2004-2012 жылдары ол құрған төрт оқу орны мен олардың құрылымдарының 8 ресми сайты, «ZIYOKOR
білім беру және мониторингінің автоматтандырылған жүйесі», 2 веб-сервер және 2 пошта сервері оның басшылығымен интернетте жұмыс жасады. 2004 жылы Өзбекстанда алғаш рет оқытушылар, студенттер және олардың ата-аналары ара-сында интернет арқылы жедел байланыс орнатты. 2 монография, 1 препринт, 9 оқу құралы, 1 жиынтық аналитикалық анықтама, 6 авторлық куәлік, барлығы 120-дан астам ғылыми-әдістемелік жұмыстардың авторы. Бұл жұмыстарда сұйық және газ механикасы, табиғи процестерді модельдеу, топырақтың эрозиясы және қоршаған ортаны қорғау, жану теориясы, математикалық моделдеу және өңдеу, ғарыштық ақпараттарды кешенді автоматтандыру мен оқу процесін қашықтықтан оқыту, эконометриялық модельдеу сияқты бағыттар бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері ауыл шаруашылығында, энергетикада, әскери бөлімде және білім беру мекемелерінде енгізілген. Ол Ш.Р.
Файзиевпен бірлесіп әзірлеген «ZIYOKOR білім беру мен мониторингінің автоматтандырылған жүйесі» 2010 жылы Өзбекстан Республикасы мемлекеттік патенттік ведомствосында тіркелді, оқу орындарында сынақтан өтті және кейіннен жетілдірілді. Жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің арнаулы орта, кәсіптік білім беру орталығының тапсырмасы бойынша Өзбекстан республикасының оқу орындары үшін компьютерлік техниканы сатып алу бойынша сараптама тобына белсенді қатысты. 2007 жылы “Өзбекстан Республикасы орта арнайы, кәсіби білім беру үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Әртүрлі конкурстарға қатысатын дарынды студенттерге практикалық көмек көрсетеді. Олардың арасында Зулфия атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Ғылым және білім беру» саласындағы «X Рес­публикалық инновациялық идеялар, технологиялар және жобалар жәрмеңкесі» «Үздік инновациялық әзірлеме» номинациясының жеңімпазы (Таирова М.М.), Өзбекстан Республикасы Президентінің студенттерге арналған мемлекеттік стипендиясының иегері (Мирзарахимова А.Б.), «Ғылымдағы жастар: жаңа дәлелдер» IX Халықаралық Жастар ғылыми жұмыстар байқауының (Ресей) «үздік рәсімдеу үшін» және «өзіндік ерекшелігі үшін» номинациялары бойынша жеңімпазы (Родионов А.А.) және басқалар бар.
ТМЭУ ұжымы құрамында ғылыми зерттеу нәтижелерімен 2015-2017 жылдары «VIII-X Республикалық
инновациялық идеялар, технологиялар және жобалар жәрмеңкесіне» қатысып, 2016 жылы Өзбекстан
Министрлер Кабинетінің ғылым мен технологияны дамыту комитетінің Құрмет грамотасымен, Өзбекстан жоғары және орта мамандандырылған Білім Министрлігінің Құрмет грамотасымен, ал 2017 жылы Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті ұжымының құрамында Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Құрмет грамотасымен, Өзбекстан Республикасы жоғары және орта мамандандырылған Білім министрлігінің Дипломымен марапатталды.
2016 жылы ROST (БАӘ) баспасы оны «белсенді зерттеу қызметі және заманауи ғылымның дамуына қосқан қомақты үлесі үшін» (WORLD SCIENCE DIPLOMA) дипломымен марапаттады.
2018 жылы «Ғылымдағы жастар: Жаңа дәлелдер» IV Халықаралық Жастар ғылыми конференциясының
ұйымдастыру комитеті (Ресей, Липецк қ.) оған «ғылыми білімнің халықаралық интеграциясына ықпал еткені үшін, жас ғылыми кадрлармен өнімді жұмысы үшін, қазіргі ғылымның дамуына елеулі үлес қосқаны үшін, тиімді және жемісті ғылыми басшылық үшін» Алғыс хат жолдады.
2016 жылы «Жоғары оқу орнының үздік педагогы» республикалық бай-қауына «Компьютерлік технология және информатика» білім беру са-ласындағы «Үздік педагог-зерттеуші» номинациясы бойынша қатысып, 1-орынға ие болып, Құрметті диплом алды.
2018 жылы Өзбекстан Республикасы ЖАК оған «Ақпараттық жүйелер және процестер» мамандығы
бойынша «профессор» ғылыми атағын берді.

2017 жылы Турон Ғылым Академиясы (Турон ҒА) оған «академик» ғылыми атағын беріп, «Академик»
төсбелгісімен марапаттады (Ташкент қ.). 2018 жылы Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының (ХАА) толық мүшесі болып сайланды және «академик» ғылыми атағы берілді (Алматы қ.). 2019 жылы Білім беруді ақпараттандыру Академиясының (БАА) толық мүшесі болып сайланды және «академик» ғылыми атағы берілді (Мәскеу қ.). ХАА, БАА және Турон ҒА қызметіне белсенді қатысады. 2021 жылы Р.А. Файзиев Академияның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «ХАА алтын мерейтойлық медалімен» марапатталды.
Р.А. Файзиевтің әйелі – Усманова Матлуба Саъдуллаевна Ташкент мемлекеттік педагогикалық институтын бітіргеннен кейін мектепке дейінгі білім беру мекемесінде тәрбиеші болып жұмыс істеді (қазіргі кезде зейнеткер). Олар екі қыз бен ұл тәрбиелеп өсірді. Олар жеті немеренің сүйікті аталары мен әжелері. Олардың қызы Дилафруз – магистр, оның күйеуі Асқар Собиров – заңгер, олар 2 қыз бен ұл тәрбиелеп отыр: Феруза, Жавахир және Шодиёна. Ұлы Шавкат – банк қызметкері, оның әйелі Гүлхаё Юнусова – мектеп директорының орынбасары, олар Адиба атты қыз бен Әлішер атты ұл
тәрбиелеп отыр. Қызы Наргиза – докторант, күйеуі Жавлон Отакулов – салық инспекциясының қызметкері, олар қыз бен ұл тәрбиелеп отыр: Гулноза мен Отажон. Рабим Аликулович пен Матлуба Саъдуллаевнаның балалары өз ата-аналары сияқты халыққа қызмет ететін және қоғамның дамуына өз үлесін қосуға тырысатын лайықты балалар.

Байланыс:

+7 (775) 228-43-78

  • YouTube
  • 768px-Instagram_icon

Жіберілді! Рахмет!

bottom of page