top of page

Ұшқыш Кубаис Алдияровтың ерлігі

Ұшқыш Кубаис Алдияровтың ерлігі

Қыран аңсары – күн астын­дағы шексіз де шетсіз кеңістік. Қыран самғауы зеңгір көктің тө­рінде. Қыранның биікті көк­се­мейтін күні жоқ.
Қазақ халқы ежелден көк жү­зінде самғауды аңсаған… Көк ас­пан­ның құдіретін түсінген. Көк аспан­да қалықтаған қыранды қолға үй­ретіп, саятшылық құр­ған. Екінші жаһан соғысына қа­зақтан шыққан 84 ұшқыш қа­тысқан екен. Бұл зерттеуші Жұмабай Доспанов тапқан мәлі­меттері бойынша. Соғыс біткелі 75 жыл өтті, ал соғыс шын­дығы әлі де толық жа­зылмай келеді. Солардың бірі – Талғат Бигелдиновтың шәкірті, өз еркімен соғысқа аттанған Кубаис (Құбайыс) Алдияров.

Алдияров Кубаис Қайсекенұлы (құжатта Алдыяров Кубаис Кисикинович) 1924 жылы 10 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Азғыр елді мекенінде дүние­ге келген. Әкесі Алдияров Қайсекен жылқышы, тері жинаушы болып жұ­мыс атқарады, шешесі Забираш Тапенқызы үй шаруасымен айналысқан. Анасы сегіз құрсақ көтерген. Кубаис 1924 ж., Минат 1928 ж., Уаис 1930 ж., Макиз 1934 ж., Марфуға 1938 ж., Күләш 1941 ж туған, ал екі бала шақалақ кезінде шетінеп кеткен екен.

1928 жылы отбасы Астрахань об­лысының Қарабалық ауданына қо­ныс аударады, Қайсекен «Союззаготпушнина» мекемесінде тері жи­наушы болып еңбек етеді. Соғыс басталғанда Қайсекен жаяу әскерде қызметте еді. Тұңғыш ұлы Кубаис 1939 жылы Балықөнеркәсіп технику­мына түсіп, қосымша жүк тиеуші жұ­мысын атқара жүріп, оны 1941 жылы сәуір айында бітіреді.

Техникумды бітірген 17 жастағы боз­бала бірден әскерге ша­­қы­ры­лады. Қызыл Ар­мия қатарына Сталин­град облысының Астрахань ок­ру­гінің Қарабалық (Ха­раба­линс­кий) аудандық әскери комиссариатынан алынды.

Тағдыр оны Сталинград түбіндегі әскери ұшқыштар мектебінен бір-ақ шығарды. Қубаис сөйтіп тұңғыш рет балалық арманының есігін қағады. Ол кезде қазақ балалары арасынан ұшқыштар мектебіне түсетіндер өте сирек кездесетін. Авиация училищесіне түсу үшін үлкен тәуекелмен қоса білім, білік әрі батырлық керек еді. Әсіресе «ИЛ-2» шабуылдаушы ұшағын меңгеру үлкен шеберлікті талап ететін.

Білімге құштар, зерек балаң жігіт әскери ұшақтардың материалдық бөліктерін тез-ақ оқып үйренді. 1941 жылы 22-мамырда «У-2» ұшағымен жеке өзі аспан әлеміне алғаш көтерілді. Осылай тәжірибе жинақтау жү­ріп жатты. Бір айдан кейін соғыс басталды. Сталинград авиа­ция училищесіндегі оқу жылдың аяғында Чебоксары қа­ласындағы №14 авиа­мектебіне ауыстырылды.

Соғыстың басталуына байланыс­ты оқу қысқартылған. Кубаис запас­тағы №46 авиа­полкке түскен соң да шеберлігін жетілдіре түсті. «У-2», «УТ-2», «ПО-2», «ИЛ-2» ұшақтарын мең­ге­ріп, тәжірибесін ұштай берді.

«ИЛ-2» – ерекше ұшақ. «600 келі бомба, 8 реактивті снаряд (РС), 2 танкіге қарсы зеңбірек, 2 ірі калибрлі пулеметі бар «керемет машина».

«ИЛ-2» шабуылдаушы-штурмо­вик жер бетіндегі нысаналарға ша­­буыл­дай­тын соғыс ұшағы болатын. Ұшақ Сергей Владимирович Илюшиннің бас­шылығымен «420 ТКБ»-да жасалынды. Әлемдегі ең көп шығарылған әскери ұшақ, бар­лығы 36 мың ұшақ жасалған. Ұшақтар тарихында «ИЛ-2» «ең жауынгер ұшақ» аталған. Қызыл армия әскері фюзеляж пішініне қарап оған «горбатый» яғни «бүкір» деген ла­қап ат берген. И.В.Сталин соғысқа ауадай қажет деп «ИЛ» ұшақтарын ба­рынша көбейтуге нұсқау берген.

Конструкторлар оны «ұша­тын танк» деп атаған екен. Неміс ұшқыш­та­ры мықтылығы мен беріктігіге бола неміс тілінде «Beton­flugzeug» - «бетон ұшақ» деп атапты.

Фашистер бұл ұшақты бекерден-бекер «қара тажал» деп атамапты. Өйт­кені оның негізгі тактикасы 400-1000 метр биіктіктен шүйілу. Сонымен бірге 10-50 метрлік биіктіктен де жапырып өте береді. Жаудың тірі күші мен техникасын жою­да таптырмас ұшақ. 1943 жылдан танк­терге қарсы арнайы снарядтардың пайда болуы «Ил-2» тиімділігін арттыра түсті. Кеңес әскері 1941-1945 жылдарда совет-герман соғысында 24 мыңдай «Ил-2-» ұшағын жоғалтты. Оның тең жартысы ұрыс кезінде жойылса, қалғандары машинадағы ауыт­қушы­лықтардан шығынға ұшы­раған.

Жанарының оты бар жігерлі жас ұшқыштар мектебін алдың­ғы­­­лардың қа­та­­рында жақсы нәти­же­лер­мен бітіріп шыға­ды. Қатаң сұрып­таулардан өткен Кубаис күрделі ұшақ­тарды шебер меңгерген кадр­лық офицер ретінде көзге түсті.

Оқу бітірісімен майданға қанша сұранса да оның сәті түспей, 1943 жылдың қа­за­нынан 1944 жылдың ақпанына дейін командованиенің ре­зерв­тегі полкында қызмет етті. Ұшу сағаттары кө­бейді, әуе ұрысын жүр­гізудің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгерді. бір мезет ұшақ­тарды әскери зауыттардан запас аэродромдарға жеткізумен айналысты. Күрделі жөндеуден шығарылған ұшақтарды алдыңғы шеп­ке жеткізу де оңайға соқпайтын.

Қалайда фашистерге қарсы ұрыс­қа аттану Кубаистің басты арманына айналды. Сол себептен де кіші лейтенант Алдияров күнделікті «Информ­бюро» хабарларына құлағын түріп мұ­қият тыңдайтын.

Соғысқа аттансам деп құлшынып жүрген кезінде Кубаис ойда-жоқта Талғат Бигельдиновпен жолығып қа­лады. Оның өзі бір қызық хикая. Бұл туралы батырдың өзі былай деп баяндайды:

«А мне так хотелось повстречать, увидеть характерное широковатое и близкое, с чуть выдающимися скулами, лицо земляка казаха, услышать его плавную, полную ярких образов, сочных пословиц и поговорок, родную казахскую речь. Как было бы славно хотя бы обмолвиться парой слов, перебрать в памяти близких сородичей и обязательно установить хоть какую-нибудь родственную связь. У казахов она обязательно об­на­руживается, если не в этом, то в предыдущем, а то и в самых древних казахских родах, из которых они вышли.

Но вокруг меня казахов не было. Специально с целью найти сородичей добрался до штаба корпуса, и узнал: казахи в штатах подразделений имеются, летчики есть, механики, оружейники, но больше — в аэродромных подразделениях.

Я имена, фамилии их переписал, решив найти и поговорить с каждым. Но начались эти самые ожесточенные бои на Корсунь-Шевченковском направлении, и все поиски пришлось отложить.

Однако встреча с казахом — родным моим земляком — состоялась, неожиданно, случайно, при совершенно невероятных обстоятельствах.

В то жаркое лето 1944 года наш полк базировался где-то под Старым Осколом. Жара стояла невероятная днем и ночью. Спать в душных комнатках школ или в клубах, а то и в землянках, было невозможно, и кое-кто из нас, летчиков, приловчился ус­траиваться на ночь в копнах сена, свежескошенного кем-то вокруг аэро­дрома. Мягкое душистое сено принимало нас в свои объятия, мы заворачивались в плащ-палатки либо в простыни, зарывались в копну и спали сном праведников.

В ту ночь я спал в копне один, ос­тальные любители были заняты кто чем. Дело-то молодое. Я, как всегда, расстелил простыню, выкопал в копне нишу, раскинул плащ-палатку улегся, подумал о доме, о плане работы на завтра и... заснул, будто провалился в колодец.

Спал, конечно, не просыпаясь. Под­нялся с рассветом, оглянулся и отпрянул. Рядом со мной, на моей плащ-палатке — кругловатое, скулас­тое, смуглое лицо, лицо казаха.

Не веря себе, я тронул его. Он проснулся, уставился на меня.

— Сен кiмсiң? Ты кто? — спросил я по-казахски. Он удивился еще больше, пробормотал:

– Мен – Қазакпын. Я – казах. атым Кубаис, Алдиярдың баласымын (Кубаис я, Алдияра сын). Ал сен кімсің? А ты кто?

Сказано было по-казахски как должно, чисто, без всяких акцентов. Это был, безусловно, казах. Но откуда он свалился. С неба что-ли? – летный шлем его лежал рядом. Значит летчик! – решаю я.

Дальше разговор шел по-казахс­ки. Прежде всего я, как у нас положено, о здоровье его родственников спросил, откуда он, и кто его отец, из какого он рода. Земляк оказался откуда-то из Гурьева. На фронте ока­зался точно по схеме Коптева: пригнал из каких-то ремонтных мас­терских самолет и вот, задержался, ходит по штабам, командирам, просит оставить... Пока ничего не выходит.

Он вылез из сена, отряхнулся и я ахнул... Это был какой-то великан, ростом под два метра, в плечах косая сажень.

Я сводил его в столовую, познакомил с ребятами. Он рассказал о своей работе, о налетанных часах, а главное, об уже трех встречах с немецкими истребителями.

– В первом случае летел один, на «ИЛе» же. Тоже перегонял. И до фронта было еще сравнительно далеко. «Мессершмидтов» было три, – рассказывал Кубаис. – До этого я их, немцев, вообще не видел. Они зажали меня спереди, сзади и сбоку. Выхода у меня не было. И я рванул на переднего, напрямую, на таран пошел. Жму на гашетки и кнопки – вооружение у меня было. Зубы стис­нул. Ну, думаю, смерть.

Но смерти не вышло, то ли фашист, то ли я, кто-то из нас отвернул. Мы разошлись. А тут наши «ястребки» из облаков. Завязался бой. Я не улетел, дрался, одного «Мессершмидта» сбил. В летной книжке записано. С тех пор — «на фронт» и больше никаких. Десять рапортов подал. На губу уже за них отправляли. Я все свое «На фронт!» и только.

И с этим, с Кубаисом, пришлось ходить по начальству. Мы его все-таки оставили. Дали ему самолет, стрелка, и на старт. Самое главное – зачислили в мою, Первую эскадрилью.

Какое-то время он летал в моем звене, правым ведомым, потом ему доверили звено. Летал казах отлично. Припоминаю такой случай. Получили задание прощупать расположенную сразу за линией фронта густую рощу или лесок. Вообще-то мы уже пролетали над ней, прощупали всячески и ничего не обнаружили. Слева от рощи деревушка, в ней тоже ничего подозрительного, ни машин, ни людей, — будто все вымерло. Облетаем рощу еще раз группой, в составе Алдиярова, может быть, Коптева, Роснецова или еще кого-то, точно не помню. Задание-то пустяковое. Летели как обычно, я ведущим, Кубаис правый ведомый и третий слева, чуть отстав. Летим, впиваемся глазами в лес и нигде, ничего. Облетели лесок, его окрестности – пусто. Я уже решил возвращаться, но эскадрилья опять же с полным боекомплектом, с таким грузом не сажают. Нужно что-то придумать.

И вдруг одна из моих машин вырывается из строя, пикирует к земле. Я просто ошалел. Что это значит? Кто посмел? Без команды?! А это он, тот самый – я уже догадался – мой земляк, Кубаис Алдияров. Это был именно он – падает и падает и вдруг что-то там атакует, стреляет, бомбит и выходит из пике.

Я кричу в шлемофон:

– В чем дело? – приближаюсь к нему. Он показывает руками, и я понимаю: на земле танки. Четыре. Нужно бомбить.

Киваю ему и разворачиваю самолет. Летим обратно. И тут я засекаю взглядом среди развороченных взрывами, вырванных с корнем деревьев, танки. Один на боку, другие стоят как надо и еще разворачивают в нашу сторону стволы.

Докладываю на КП.

– Цель – танки – обнаружил. Чис­ленность не установлена. Прошу разрешение на штурмовку.
Разрешение получаю и обрушиваю огонь на запрятанные, закопанные в землю, замаскированные фашистские танки.

Мы отбомбились. Сколько танков сожгли, вывели из строя, это потом должны подсчитать в штабе, по фотопленке. Мне было не до этого. Над нами появилась целая армада «Мессершмидтов». Их, видно, успели вызвать с ближнего аэродрома танкисты.

Доложив обстановку на КП, командую построиться в круг — принять бой.

Фашисты были наверху, мы под ними. Быть на верхнем этаже при такой ситуации, куда как выгодней.

КП запрашивает мое решение.

Докладываю:

– «Мессершмидты» над нами. Иду на снижение. Дальше на бреющем, к аэродрому.

Решение одобрено. КП обещает подмогу – «ястребков».

– Исполняйте!

Два или три истребителя отделились от группы, направились в мою сторону.

Я продолжал лететь своим курсом на своей высоте. Когда ведущий фашист догнал меня, велел стрелку отбиваться. Он пулеметными очередями отогнал истребителя. Но с другой стороны, сбоку, подошел второй. Полоснул самолет по левому крылу пулеметной очередью. Я видел, как летели выдранные пулями куски дюраля.

Стрелок, в свою очередь, полос­нул очередью по «Мессершмидту». Думаю, всадил крепко. Он отстал, отвернул, пошел в сторону. Но тут опять наскочил тот, первый. Он подошел ко мне чуть ли не вплотную, подставляя стрелку бронированную стенку кабины. Фашист выбрал удобное положение и дал очередь по и так ободранной левой плоскости. Теперь от нее летели целые куски. Однако мой стрелок все-таки нащупал фашиста, всадил пулю в щель или между капотом, пробил все-таки бронестекло.

«Мессершмидт» отвалил, но откуда-то снизу или сбоку подлетел еще один, может быть, тот, первый, которого, как мне показалось, сбил Кубаис. Он с ходу дал очередь по фюзеляжу моего «ИЛа» и пролетел. Следом за ним мелькнул Кубаис. Они взвились вверх и закрутились, заметались в боевой схватке.

А у меня явно выходит из строя, видно, крепко побитый пулеметной очередью, мотор. Он еле тянул, захлебывался. До аэродрома я дотянул, кое-как уложился на посадочную, а вот вылезти из кабины не смог, так замучили эти схватки с «Мессершмидтами». Механик выволок меня, и я плюхнулся под самолет, лежал, привалившись к колесу. Механик сидел рядом. Теперь мы ждали возвращения Кубаиса.
Шли минуты, а его все не было. «Сбил «Мессершмидт», сбил, гад!» – неслось в голове.

Он появился, наконец, до предела измотав нас ожиданием. Тоже, как я, плюхнулся на посадочную. Отвел машину на стоянку и замер в кабине.

Мы подбежали к нему. Машина была вся иссечена пулями, в плоскостях – пробоины от снарядов.
Когда мы его вытащили из кабины, он долго молча осматривался, потом вздохнул, сказал:

– Неужели живой?! – Ощупал себя и сел на землю. Взгляд его упал на меня. Он встрепенулся.

–Талғат, айналайын! Айналайын! Сен қалайсың?! – Вдруг протянул огромные свои руки, обнял меня, притиснул к себе, бормоча, – Ай, менiң балам, қазақтың баласы! – Ой, менің ағайым, қазақтың ағайыны.

Отлежавшись, он поднялся на ноги, и я снова увидел, какой он грузный, огромный, и мне не верилось уже, что несколько минут назад он был совершенно обессиленный, беспомощный. Мой спаситель, родной мой казах». («Пике в бессмертие» / Алматы издательство «Жазушы», 2000 г.)

Сөйтіп Кубаис батыр ұшқыш Талғат Бигельдиновпен 1944 жылдың маусым-тамыз айларында майдандас болып, аспанға неше мәрте бірге көтеріліп, түрлі оқиғаларға тап болып жүрді. «ИЛ-2» ұшағын жетік меңгеріп, тәжірибе жинап, жауынгерлік тапсырманы мүлтіксіз орындайтын.

Сол жылдың күзінде 141-ші гвар­диялық шабуылдаушы авиация полкіне ауыстырылады. Полк команди­рі Алексей Компаниец жеке өзі Кубаис­­ты қарсы алып, сенім артып, жа­ңа «ИЛ-2» штурмовигін тапсырады.

«Ұрыста батыл, барлауда сабырлы, әуені тамаша бағдарлайды, ауа райының қолайсыз кезінде де ұшақты шебер басқарды, техни­калық сипаттамаларын жетік білді, ұшу кезінде өзін шебер тактик ретінде танытты, барлау кезеңінде жаудың жер-жерге орналасуын, құн­ды мәліметтерін теріп, деректерін жет­кізіп отыратын», – деп жазды ол туралы.

Кіші лейтенант Алдияров­тың жау­­ын­­герлік тапсырмалары Львов қала­сының дала аэродромынан бас­­талды. Жаудың танк колонналарын, зениттік артиллериярын, ДОТ, ДЗОТтарын, окоп, блиндаж­да­­рын талқандады, жау­дың өте ма­­ңызды обьектілерін өр­теді. Оған сенім артылып, алда жү­ре­тін жетекші, бас­таушы ұшақтың ұш­қышына айналды. Топта жетекші болу – әскери өнер.

Жетекші ұшқыш ретінде шайқас жылдарында оның басқаруымен қауіпті тапсырмалар орындалды. Кейін­­­нен звено командирі болды.

Львов-Сандомир, Карпат-Дукла, Сандомир-Силез, Төменгі-Силез, Жо­ғарғы-Силез, Берлин опера­ция­ла­­рына қатысты. Ол туралы эскадрилья командирі, Кеңес Одағының Батыры Павел Федорович Блинов былай деп еске алады:

«Тов. Алдияров прибыл в наш авиа­полк 141 гв. ШАП (штурмовой авиационный полк), 9 гв. ШАД (Штур­­мовая авиационная дивизия), 2-й воздушной Армии в конце 1944 года и был зачислен в мою эскадрилью. Воевал храбро, мужественно, абсолютно не боялся, не щадил своей жизни. Хорошо прикрывал и сопровождал в воздухе своего командира, никогда не отрывался от группы самолетов в бою.

В Сандомирско-Силезской опера­ции в Польше, зениткой на поле боя его самолет был сбит, вода из мотора вытекла, мотор заклинил, его самолет резко пошел к земле, при вынужденной посадке в передней линии фронта, на минном поле самолет раздробило по частям, летчика сильно оглушило, благодаря бронекабине самолета «Ил-2», и огромной физической выносливос­ти (громадного телосложения, рост 192 см.) остался жив. Получил силь­ный удар, но богатырская сила здоровья сохранила ему жизнь, даже не пошел в лазарет, через два дня снова вышел на боевой вылет.
Все это подробно пишу, потому что авиагруппу в составе 9 самолетов «Ил-2» водил я сам, как командир авиаэскадрильи. Я лично с линии фронта (передовой) со штаба наземного батальона с КП эвакуировал на самолете По-2 на свой аэродром летчика.

Тов. Алдияров является челове­ком высокой чести, доблести, боль­шой души, исключительно скром­­ным, выдержанным, много рас­­сказывать о себе не любит. Войну закончил командиром звена, стар­шим лейтенантом».

Екінші жаһан соғысына қатысқан қазақтар туралы тынымсыз зерттеулер жүргізіп келе жатқан атыраулық Жұмабай Доспанов әскери ұшқыш Кубаис Алдияровқа қатысты бірқатар маңызды құжаттар тауыпты. Соның бір-екеуін келтірейік:

Из центрального архива Минис­­терства Обороны Россииской Федерации: тов. Алдияров за период пребывания в действующей армии произвел 10 успешных боевых вылетов на самолете «Ил-2». За этот период уничтожил: 2 автомашины, 2 орудия ЗА (зенитная артиллерия), 1 бронетранспортер, создал 1 взрыв и расстрелял до 15 солдат и офицеров. Участвовал 1 воздушном бою с истребителями противника.

20 марта 1945 года действуя в составе 5 самолетов «Ил-2», ведущий старший лейтенант Столяров при штурмовке и бомбардировке артиллерии противника в районе Приборн-Унтер-Шрейбендорф уничтожил 1 автомашину и соз­­дал взрыв, что подтверждено аэро­­фотоснимками.

Эффективность всех боевых вы­летов подтверждают: экипажы группы, аэрофотоснимки, истребители прикрытия и с командных пунктов наблюдения.

За произведенные 10 успешных боевых вылетов, уничтожены: 2 автомашины, 2 орудия ЗА, 1 бронетранспортер, создал 1 взрыв и расстрелял до 15 солдат и офицеров, проявленные при этом доблесть и мужество, достоин Правительственной награды – медали «За отвагу» .

Командир 141-го гвардейского штурмового авиационного полка
гвардии майор Компаниец.
4 апреля 1945 года.


Шабылдаушы ұшақтар тобы үне­мі үлкен шығынға ұшырайтын. Ша­буыл кезінде «ұшушы танктің» зеңбіректері, атқан оқтары, реактивті снарядтары түгел тек нысанаға бағытталады. Алайда сол ұшақтың өзі жерден де, аспаннан да бораған оқ­тың өтінде қалатын. Аман қалуың екіталай.

К.Алдияров жауынгерлік тапсыр­маларды орындау барысында қан­шама қарулас достарынан айы­рыл­­ды, қаншама рет рет өліммен бет­пе-бет келді десеңізші?! Алайда ол ешқашан ыққан емес.

Соғыс кезінде 141-ші, 144-ші, 155-ші үш авиациялық полкі 9-гвар­диялық шабуылдаушы авиа­циялық дивизияға бағынатын. К. Алдияров соғыс тарихын жатқа біледі. 9-шы шабуылдаушы авиациялық ди­визия­ қырандарының есімдері осы күнге .дейін жадында сайрап тұр.

Олар шабуылдушы авиациялық полктерді басқарған Совет Одағының екі мәрте Батыры Иван Харлампиевич Михайличенко, Совет Одағының екі мәрте Батыры Василий Иванович Андрианов, Совет Одағының екі мәрте Батыры Николай Иванович Столяров, Совет Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигельдинов, звено командирі, Совет Одағының Батыры лейтенант Петров, звено ко­мандирі, Совет Одағының Батыры аға лейтенант Блинов, эскадрилья ко­­мандирінің орынбасары аға лейтенант Куракин, экадрилья командирі, капитан Чечелашвили, полк командирі, Совет Одағының Батыры майор Компаниец, Пошивальников, Одинцов, Митрофанов, Шишкин, Качевман, Дробышев және тағы басқалар.

Қоластында болған атқыш-радист Алексей Крылов, қару-жарақ маманы Иван Овсянников, авиамеханик Василий Кукушкин, моторист Василий Завражный бұларсыз ұшақ ұшпайды. Жердегі жұмысты осылар істейді, ұшақ­ты ұшуға дайындайды, бұзылған, зақым келген жерлерін жөндеп, қал­пына келтіреді. Міне, осы сұрапыл со­ғыс кезіндегі майдандас достары ба­тыр­дың өмір-бақи есінен кеткен емес.

Негізі 9-шы шабуылдаушы авиа­­ция­лық дивизиядан 32 Кеңес Ода­ғы­ның Батыры шыққан.Олардың қатарында 2-ші әуе Әскерінің соғыс тарихында аты аңызға айналған ұшқыш генералдар: Н.П.Каманин, А.И. Покрышкин, И.С. Полбин, Е.Я.Савицкий, С.А. Красовс­кий, Л.П.Шестаев бар.

Кіші лейтенат Кубаис Алдияровқа 1-дәрежелі «Отан соғысы» орденін Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, Совет Одағының маршалы Иван Степанович Конев жеке өзі қолымен тапсырып, құттықтаған. Бұл туралы архивте сақталған құжаттар былайша сыр шертеді:

Из центрального архива Министерства Обороны Российской Федерации: «тов. Алдияров за период пребывания в полку произвел 37 успешных боевых вылетов на само­лете «Ил-2», на штурмовку и бом­бар­дировку живой силы и техники противника.

За проявленные доблесть и мужество при выполнении 10 боевых вылетов награжден медалью «За отвагу».

После представления к правительственной награде произвел 27 эффективних боевых вылетов при содействии войсками Первого Украинского фронта, при прорыве сильно укрепленной и глубокоэшелонированной обороны немцев на реке Нейсе, при окружении города Берлина, при разгроме Берлинской группировки и при овладении столицей Германии – городом Берлином.

За этот период штурмовыми и бомбардировочными действиями, не смотря на сильное противодействие зенитного огня противника уничтожил: 4 танка, 1 бронетранспортер, 3 ЗА и МЗА, 8 автомашин, 5 повозок с военным грузом, создал 2 сильных взры­вов и уничтожил до 50 солдат и офицеров.

Участвовал 2-х воздушных боях с истребителями противника, где действовал смело и решительно, отражая все атаки противника.

18 апреля 1945 года при выполнении боевого задания по штурмовке и бомбардировке войск про­тивника на дороге Шремберг-Дребакау, в составе 6 самолетов Ил-2 – ведущий старший лейтенант Михайличенко, несмотря на сильное противодействие зенитного огня противника, штурмовыми и бомбардировочными ударами поджег 2 автомашины и создал очаг пожара, что подтверждено контрольными аэрофотоснимками.

Эффективность всех боевых вылетов подтверждают: с командных пунктов наведения, аэрофотоснимками, истребители прикрытия и все экипажы группы вместе выполняющие боевые задания.

Храбрый, настойчивый и мужественный летчик. Хорошо дисциплинированный офицер.

За произведенные 27 эффективных боевых вылетов, нанесенный огромный урон противнику живой силе и технике, уничтожены: 4 танка, 1 бронетранспортер, 3 ЗА и МЗА батареи, 8 автомашин, 5 повозок с военным грузом, создал 2 сильных взрывов и уничтожил до 50 солдат и офицеров, содействие войском Первого Украинского фронта, при прорыве сильно укрепленной и глубокоэшелонированный обороны немцов на реке Нейсе, при окружении города Берлина, при разгроме Берлинской группировки и при овладении столицей Германии – городом Берлином, проявленные при этом доблесть и мужество, достоин Правительственной награды – ордена «Отечественной войны» 1-степени.

Командир 141-го Гвардейского Штурмового Авиационного Сандомирского Краснознаменного Ордена Кутузова Полка гвардий майор Компаниец. 8 мая 1945 года.

Достоин Правительственной награды – ордена «Отечественной войны» первой степени.

Командир 9-й Гвардейской Штур­мовой Авиационной Красноградской Краснознаменной ордена Суво­рова Дивизии, гвардий полковник Донченко
9 МАЯ 1945 г.

Награждаю орденом «Отечественной войны» первой степени.
Командир 1-го гвардейского штурмового авиакорпуса гвардий генерал -лейтенант Рязанов.
19 мая 1945 г.

Аға лейтенант Алдияров ең соң­ғы жауынгерлік тапсыр­маны 1945 жыл­дың 9 мамыр күні сағат 16.00-де орындады. Соғыстан кейінгі жылдарда жас ұшқыштарды тәрбиелеумен айналыс­ты, ұрыс тәжіри­бе­сімен бөлісті.

1945-1947 жылдары ұшқыш, 1947-1949 жылдары аға ұшқыш, 1949-1951 жылдары звено командирі, 1951-1952 жж авиацияда инспектор, аға инс­пек­тор қызметтерін атқарды. Эскадрилья басқарды. 1953 жылы әскери әуе ака­демия­сы­ның тыңдаушысы бол­ды. Жоғары оқу орнын Әскери Әуе күш­терінің командалық-тактикалық ма­маны ретінде бітіріп шықты.

1959-1964 жылдары түрлі әскери бөлімшелерде бөлім бастығы, штаб бастығының орынбасары, 1964-1968 жылдары полктің штаб бастығы, 1968-1969 жылдары жедел басқару бөлі­мінде аға офицер, 1969-1973 жыл­дары Азаматтық қорғаныс полкінде штаб бастығы, Азамат қорғаныс қызметінің бастығы сияқты жауапты орындарда жүрді.

Кариб дағдарысы кезінде КСРО Қорғаныс Министрінің тапсырысымен құпия түрде Куба мемлекетіне барып, ерек­ше тапсырмалар орындап қайт­ты.

Кубаис Алдияров 1973 жылы полковник шенінде одақтық деңгейдегі зей­неткер болып еңбек демалысына шықты. Отан қорғауға сіңірген еңбегі үшін бірінші және екінші дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Праганы азат еткені үшін», «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «На страже мира Польша мемлекетінің «Бейбітшілікті қорғағаны үшін» және тағы басқа көп­теген мерейтойлық медальдарымен мара­паталған.

Кубаис Алдияров бұдан соң 1997 жылға дейін жиырма жылдан астам уақыт азаматтық авиация саласында жұмыс атқарды. Әуежайда аға диспетчер, инженер, лаборатория бастығы сияқты түрлі қызметтер атқарды. Әрі қоғамдық өмірдің қайнаған орта­сын­да жүрді. Қалалық ардагерлер ке­ңе­сінің төрағасы, әуежай кәсіподақ коми­тетінің төрағасы болды. 1998 жылы нау­рыздың 12-сінде өмірден озды. Кеңсай зиратына жерленді.

Тұңғыш ұлы Тимур Қазақ политех­никалық институтының машина жөн­деу факультетін бітіріп, инженер-механик болып жұмыс атқарады. Қызы Айгүл – тіс дәрігері, кенже қызы Ләйлә консерватория бітірген, М. Әуезов атындағы театрда оркестрдің концерт­мейстері. Шөбересі подполковник Мәулен Қайретдинұлы Мұғалов Құр­лық әскерлері әскери институты оқу бөлімінің аға маманы. Немере-шөбе­­релері өсіп, өніп келеді.

Қайрат ҚАРАМАҢДАЕВ,
Құрлық әскерлері әскери институтының тәрбие және идеологиялық жұмыстар кафедрасының оқытушысы,
бауыржантанушы,
тарихшы-зерттеуші.


bottom of page