top of page

Атыс жаттығуының нәтижесі

Жауынгерлік даярлық – басты назарда!



ree

Бұл күндері «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінде жеке құрамның жауынгерлік даярлықтың 2021-2022 оқу жылындағы қысқы мерзімінің қорытындысы шығарылуда. Оқу кезеңіндегі әскери қызметшілердің жауынгерлік әзірлігі жоспарға сай жүргізілді.

Қорытынды сабақтар жеке құрамның саптық дайындығынан басталған болса, келесі кезекте әскери қызметшілердің спортпен айналысуындағы дене шынықтыру дайындығына ден қойылды. Талапқа сай, жеке құрам кермеге тартылу мен жүгіру сынағында оң нәтижелерге қол жеткізе алды.

ree

Дәл бүгінгі көктемнің күнмен шағылысқан ашық күнінде бөлімнің әскери қызметшілері атыс алаңына аттанып, нысананы көздеудің атыс дайындығы жаттығуын пысықтады. Атыс қаруынан дәл көздеп атудан 96 ұпай жинаған материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальонына тиесілі медициналық ротасының командирі аға лейтенант Ларионова Ольга Сергеевнаға тең келер ешкім болмады.

ree

Жеке құрам оқу жылы барысындағы қысқы мерзімдегі жоғарғы деңгейлік көрсеткіштерімен келе жатқан бөлімнің жеке құрамының жүзінен келесі жаздық оқу жылында да алдыңғы қатарлы биіктерден көзге түсіп, жыл қорытындысын табысты аяқтауға ынта-жігерлері зор екендігі анық байқалады.


ree

Комментарии


Байланыс:

+7 (775) 228-43-78

  • YouTube
  • 768px-Instagram_icon

Жіберілді! Рахмет!

bottom of page